Ораза ұстап жүрмін, жұмыста жүргенде кейде ауызым құрғап кетеді. Ораза ұстап жүріп ауыз шаюға бола ма?
Ауыз шаю оразаны бұзбайды.
Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Омар ибн әл-Хоттооб (Алла оған разы болсын): «Ораза бола тұра, ерік белсенділігі келіп сүйіп қойдым. Сосын Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен бүгін үлкен қылық істеп қойдым. Ораза бола тұра сүйіп қойдым», - дедім деді. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сумен ауызыңды шайсаң, не зияны бар деп ойлайсың?», - деді. Мен: «Олай болса, зияны жоқ қой», - дедім. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда сұрақ не үшін?!», - деді деп айтқанын риуаят еткен (Сунан ад-Даарими, 1/130).
Осы хадистен ауыз шаюдың оразаны бұзбайтындығын көреміз.
Бұған қоса Лақит ибн Собиро (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаған кезіңде ғана болмаса, басқа уақытта мұрныңды сумен тереңірек шай!», - деп айтқан (Сунан Ибн Мажа, 1/542).
Ораза айында дәрет аламыз, ауыз бен мұрынды шаямыз, бірақ басқа айларда ауыз бен мұрынды терең шайған сияқты шаймаймыз.
asyldin.kz