Ант бұзу кафаратындағыдай, кафарат оразасын ұстай алмайтын адам да кітап берсе болады ма?
Үздіксіз ауру немесе өте кәрі болып, 60 күн ораза ұстай алмайтын болса, 60 кедейді бір күн тойдырады. Аш болған 60 кедейді бір күнде екі рет тойдыру керек. Бір кедейді әр күні екі рет тойдыру шартымен 60 күн немесе әр күні бір рет тойдыру шартымен 120 күн тамақ беруге де болады. Яки 60 кедейдің әрбіріне бір пітір немесе сол құнда дін кітабын да беруге болады.
Мысалы 60 дана Ислам Ахлақы кітабы 60 кедейге беріледі. 60 кедей табылмаса бір кедейге күнде біреуден беру шартымен 60 күн беріледі. 30 кедей бар болса екі күн беріледі. 20 кедей бар болса, үш күн беріледі. 10 кедей бар болса, 6 күн беріледі, 5 кедей бар болса, 12 күн бір-бірден кітап беріледі.
Жандос Жұмағұлов
Жамбыл ауданының «Жастар ісі» секторының меңгерушісі
asyldin.kz