Ораза кафараты қалай өтеледі?
Ораза кафаратын өтеу үшін бірінен соң бірін, арасын үзбей 60 күн ораза ұстау керек. 60 күн ұстағаннан кейін ұстамаған әр күні үшін тағы бір күннен қазасын ұстайды. Бірнеше Рамазанда кафараты бар болған немесе бір Рамазанда екі күн кафараты бар болған адам біріні кафаратын өтемеген болса, екеуіне тек бір кафарат қана өтейді. Бірінші кафараты өтеп қойған болса, екінші каффараты да бөлек орындайды.
Кафарат оразасы ауру, сапар сияқты бір үзірлі себеппен немесе Айт күндеріне сай келу себебімен бұзылса, яки Рамазанға тура келіп қалса, басынан 60 күн ұстау керек болады. Айт күндерінде бұзбай ұстай беретін болса да, жаңадан бастауы керек. Хайз және нифас себебімен бұзылғанда жаңадан басталмайды. Тазаланғаннан кейін қалған күндерді толықтырады.
Рамазанда ешбір үзірлі себепсіз ораза ұстамау харам, үлкен күнә болып табылады. Алдымен ұсталмаған оразаларға тәубе етіледі. Кейін әр күнге бір күн, яғни қанша күн ораза ұсталмаса, сонша күн қаза оразасы ұсталады. Бір адам Рамазан айында 30 күн ораза ұстамаса, ұстай алмаған күндерінің қазасын ұстайды. Бұл оразаларға кафарат қажет емес. Кафарат – ораза ұстамаудың емес, ниет етіп ұсталған Рамазан оразасың әдейі бұзудың жазасы. Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасың немесе қаза оразаларын ұстай алмайтындай кәрі және жазылып кетуінен үміт үзілген науқастар елден жасырын түрде ішіп-жейді! Хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас фидйа» делінген. Өте кәрі болып, ораза ұстай алмайтын адам бай болса, әр күннің оразасына фидйа береді. Кедей болған адам фидйа бермейді, дұға етеді.
Фидйа ретінде әр күнге бір пітір мөлшерінде ұн, құрма немесе мейіз беріледі. Мысалы 30 күн оразаға 53 келі ұн немесе 105 келі құрма немесе мейіз берілгені жеткілікті болады. Яки осы мөлшерде ұнның құнындай алтын немесе күміс ақша ұсталмаған отыз күн оразаның фидйасы ретінде бір немесе бірнеше кедейге Рамазанның басында немесе соңында беріледі. Кедей алған фидйасы өзі қолдана алғанындай басқа біреуге де бере алады. Фидйа бергеннен кейін ораза ұстай алатындай жағдайға келген адам ұстамаған оразаларының қазасын өтейді.
Ауру, кәрілік сияқты бір үзірдің себебімен Рамазан оразасын ұстай алмаған бай адамның осы жағдайы өлгеніне дейін жалғасатын болса, кедейлерге ас берілуін өсиет етеді. Мирасқоры оның ұстай алмаған әрбір оразасы үшін кедейге бір пітір немесе құнын береді.
Жұмағұлов Жандос
Жамбыл ауданы Жастар ісі секторының меңгерушісі