Сапарда қай намаздар қысқартылып оқылады?
Ең кемі 90 (км) шақырымдық жолға шыққан мұсылман төрт ракағаттық намаздардың парыздарын ғана қысқартып, одан басқа үш және екі ракағаттық намаздар қысқартылмайды. Сапар барысында қысқартылып оқылатын намаз «қасыр намазы» деп аталады. Сапарда төрт ракағатты бесін, екінті және құптан намаздарын екі ракағатты қылып оқу – уәжіп.
Айша (Алла оған разы болсын): «Алла намазды парыз еткенде тұрғылықты кезде де, сапарда да екі-екі ракағаттан қылып парыз етті. Кейінірек, сапар намазы сол күйінде бекітілді де, тұрғылықты кезде оқылатын намазға қосылды», – деген (Бұхари).
Демек 4 ракат бесін, екінді және құптан намаздарының парыздары 2 ракат болып қысқартылып оқылады. Ал шам намазы мен таң намазының парыздары қысқармайды. Үтір, сүннет намаздарды да оқитын болса, ракағат сандарын қысқартпай сол күйінде оқиды.
Есбол Алпысбаев
«Меркі ата» мешітінің ұстазы