Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні» жаршыға былай жария етуді бұйырады: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал, ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!». Бұл хадистен түсінетініміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі еш нәр татпастан сол күнгі оразасын ұстайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у) «сәресіде береке бар» деген. Сәресіде тәбетіңіз тартпай тұрса, тым болмағанда су ішкен жақсы. Осылайша, өзіңіздің денеңізді күні бойы керек еттіретін сұйықтықпен қамтамасыз еткен боласыз. Оның үстіне, сіресі адамға рухани демеу.
Жандос Жұмағұлов
Жамбыл ауданы бойынша пәтуаға жауапты маман