АУЫРҒАН СӘТІМІЗДЕ ДӘРЕТ АЛУҒА НЕМЕСЕ ҒҰСЫЛ ҚҰЙЫНУҒА БОЛАДЫ МА?
Жамағат тарапынан сұралатын сұрақтарының көбі - "Ауырған сәтімізде дәрет немесе ғұсыл құйынуға болады ма" деген сұрақтар. Дәрет пен ғұсыл құйыну әрбір дәреті жоқ жанға және жүніп болған ер немесе әйел мұсылманына міндеттелген.
Асыл дінімізде міндеттелген құлшылық амалдары бар, ол амалдарды орындау әрбір құлға міндет, алайда дінімізде дарури яғни құл қиын кезендерге тап болған жағдайда мойнынан діннің негізгі міндеттері жеңілдетіледі.
Фиқһ кітаптарында: «Адам дәрет алар кезінде немесе жүніп болып, ғұсыл құйынғалы жатқанда судың мұздайлығына байланысты, өзінің ауырып тұрғанын сезсе немесе ауырып қаламынау деген ой бойына қорқыныш әкелсе онда дәрет алу мен ғұсыл құйынуын тоқтатып, таямүм қағады, жылы су болған жағдайда да ауырып қалуым ықтимал деген қауып басым болса таямүм қағады». Себебі ауырып қалуы ықтимал адамның ауырып қалмауы немесе ауырып тұрған адамның ауыруы асқынып кетпеуі үшін.
Фиқһ ілімі әр кез адам баласы үшін құлшылық ғибадатында дұрыс жолды нұсқайтын ілім. Құл қандай қиындыққа тап болсада қиындықтан шығар жол әркез шариғатымызда табылады. Адам өз білгенімен емес, шариғат үкіміне жүгінгені жөн.
Р. Еспенбетов
«Мойынқұм» мешітінің бас имамы
Тасһилу ад-дарури кітабі, (ғұсыл бабы)