Ассалаумағалайкум! Ұстаз, кейде дәреттің бұзылып бұзылмағанына күмандар болады. Көбінесе жел шығуға қатысты. Жалпы нақты жел шыққанда адам өзі сезеді ғой, бірақ кейде жел ішке қарай қайтатын жағдайлар болады. Қатты шыдайын деп әрекет еткенде, керісінше ішке қарай кетеді, бірақ іштен дыбыс болған сияқты болады. Сол кезде қалай болады?
Уағалейкумассалам. Жалпы ішектен шыққан жел дәретті бұзады, себебі жел нәжістің орнынан шығады. Ал желдің өзіне келетін болсақ, ол нәжіс емес. Күмәнданған жағдайда мына нәрсені білу керек: күмән - дәретті бұзбайды. Желдің іштен шыққанын білу (ойдың басым көпшілігі) - дәретті бұзады. Себебі хадисте: "حتي يسمع صوتا او يشم ريحا" “дауысы естілмейінше немесе иісі шықпайынша”[1]- осы хадистен біз білеміз жел іштен сыртқа шықпайынша дәрет бұзылмайды.[2]