Электронды діни әдебиеттерді ғұсылсыз оқу мәкрух бола ма?
Ғұсыл (бой дәрет) алу Ислам фиқһының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Шариғатта бой дәретсіз кейбір құлшылық түрлерін орындауға түбегейлі тыйым салынған. Мәселен, намаз оқу, қағбаны тауап ету (айналу), Мұсхафты (Құран) ұстау, Құран сүрелерін, аяттарын оқу т.б. Тіпті, кейбір Ислам ғалымдары ғұсыл алмай тұрып тамақтану, кейбір маңызды емес істермен айналысу мәкруһ болатындығын айтқан. Сондықтан, мұсылман адамға ешбір себепсіз ұзақ уақыт ғұсыл құйынуды кешіктірмегені абзал болады.
Ал, электронды діни әдебиеттерді ғұсылсыз оқуға келетін болсақ, діни әдебиет болғандықтан оның мәтінінде Құран аяттары мен пайғамбар хадистері болатындығы ақиқат. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Құран аяттарын ғұсылсыз оқуға болмайды. Электронды діни әдебиетте Құран аяттарының арабша нұсқасы емес, қазақша аудармасы берілген күннің өзінде, ғұсыл алып оқыған дұрыс болады. Бұлай жасау Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне деген бір құрметтің белгісі болары сөзсіз.
Нұрлан МҰРАТ
"Һибатулла Тарази" Жамбыл облыстық орталық мешітінің ұстазы