ТЫРНАҚ ӨСІРУ КҮНӘ МА?
Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тырнақ алуды тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен.
Ол туралы Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ الْخِتَانُ، وَالاِسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الإِبِطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ
«Бес нәрсе адамның болмысынан: сүндетке отыру, ұятты жерді түктен тазарту, мұртты басу, тырнақ қысқарту және қолтық түгін алу» [1] дейді.
Алайда тырнақты қырық күннен артық өсіруге болмайды. Сахаба Әнас ибн Маликтен жеткен риуаятта:
وُقِّتَ لنا في قصِّ الشَّارِبِ، وتقليمِ الأظفارِ، ونتْفِ الإبْط، وحَلْقِ العانةِ: أنْ لا تُترَكَ أكثرَ مِن أربعينَ
«Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмауға бұйырылды»[2], – деген.
Осыған орай, тырнақты апта сайын алу – мұстахап. Қырық күннен асыру – харамға жақын мәкрүһ, яғни күнә болып саналады.
[1] Бұхари, №5801. Муслим, №257.
[2] Муслим, №4422, 1/222.
[3] Радду әл-мухтар, 3/66.