Ораза кезінде емізулі сәбиі бар аналар не істесе болады?
Ең дұрыс деген пікірге сүйенер болсақ, аяғыауыр немес емізулі баласы бар әйелдерді ауру деп қарастырады да оларға ораза тұтпауға рұқсат береді. Бірақ ол қаза болған күндердің қазасын өтеуі тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алла Тағала оразаны және намаздың жартысын жолаушыға жеңілдетті, әрі Ол аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге оразаны жеңілдетті». (Әт- Тимрмизи, 3/85, ол бұл хадисті хасан хадис деген)