Егер махрамы жоқ қыз-келіншек қайтыс болса, оны кімнің жерлеуі керек - әйелдер ме әлде оған махрам емес еркектер ме?
Қайтыс болған адамды жерлеу – бұл қоғамдық міндет (фард кифайя) болып табылады. Егер адам жерленбей қалса, қоғам күнәға батады.
Қайтыс болған қыз-келіншекке келер болсақ, оны махрамдары (тұрмысқа шығуға тыйым салынған жақын туыстарынан болған еркектер) жерлеуі керек. Егер оның махрамдары болмаса, онда оны махрам емес еркек туыстары жерлеуге міндетті. Егер оның бірде-бір туған-туысы болмаса, оған туыс болмайтын еркектердің жерлеуіне рұқсат етіледі.
Аталмыш қыз-келіншектерді жерлейтін еркектер мықты, тақуа әрі сенімге тұрарлықтай болулары керек. Ал әйелдер ешкімді жерлемеуі тиіс.
Ал Алла Тағала дұрысын біледі.
asyldin.kz