Ораза ұстаушы макияж жасатса оразасы бұзыла ма?
Шариғатта макияж жасату оразаны бұзбайды. Алайда, макияж жасаған кезде келесі мәселені ескеруіңіз қажет. Әйел адам өзін тек күйеуінің алдында ғана тартымды, одан да көрікті болу мақсатында макияж істеп әдемілене алады.Онда тұрған шариғатта ешқандай әбестік жоқ. Дегенмен, макияж жасап бөтен ер азаматтардың көздеріне түсу дінімізде дұрыс емес. Ислам ғұламалары бұны макрүһ (істемеген абзал) мен харам (жасауға болмайды) деп қарастырған. Тарихта апа-әжелеріміздің тұрмыстық өмірлерін зерделеп қарастыратын болсақ, олардың өздерінің күйеулерінің алдында ғана әдеміленгендерін байқауға болады. Қосымша мәлімет ретінде Сізге төменде көрсетілген оразаны бұзатын екі категория жағдайларды ұсынамыз. 1 категория: Ораза бұзылып, кәффараты (рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады) өтелетін жағдайлар:
- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу.
2 категория: Ораза бұзылып, тек бір күндік қазасы өтелетін жағдайлар:
– азық ретінде жеуге дағдыланбаған нәрселерді ішіп жеу. Мысалы, тас, топырақ, піспеген күріш, шикі қамыр, ұн секілді нәрселерді жеу;
– әлі іші толмаған жаңғақ пен кепкен пістені қабығымен жұтып жіберу;
– артқы жыныс мүшесіне свеча қою, дәрі ағызу;
– ауызға алып ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектің барлығы;
– мұрынға дәрі тамызу;
– тамаққа май құйғышпен сұйықтық өткізу;
– бастағы немесе қарындағы жараға жағылған дәрінің денеге (асқазан мен миға) енуі;
– жаңбыр, қар мен бұршақты байқаусызда жұтып қою;
– дәрет алу барысында мұрын мен тамағын шайғанда байқаусызда кеңсіріктен судың өтіп кетуі;
– өз қалауымен, біле тұра мұрнымен немесе аузымен түтін жұту;
– ұйықтап жатқан кісінің аузына су құйып жіберу;
– ораза екенін ұмытып тамақ жеп қойған кісінің оразам бұзылды деп ойлап тамақ ішуі;
– тістерінің арасында қалып кеткен ноқаттай нәрсені жеу;
– өз қалауымен құсу (еркінен тыс);
– ауыз толтыратындай мөлшерде еріксіз келген қақырықты жұту;
– сәресі уақыты өтіп кеткенін білмей тамақ жеп қою;
– күн батты деп уақыт болмай тұрып ішіп-жеу;
– әйелін сүю, құшақтау нәтижесінде мәнидің келуі;
– Рамазан айында ораза ұстауға ниет етпей тамақ ішіп-жеу. Бірақ жоғарыда ескерткеніміздей себепсізден-себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә;
– қан жұту. Ауыздағы қанның көлемі түкіріктен көп болса ораза бұзылады;
– (мастурбация истимна). Қолмен (мәни) ұрық шығару.
ummet.kz