Менің сұрағым шариғат шәлісі жайында болмақ. Күйеуім бөтен адамдардың көзінше шашымды көрсетуге мәжбүрлейді. Не істерімді білмеймін. Оған ұнамайтынын білсем де некеміздің соңғы 2,5 жылында мен басыма орамал тағып, етек-жеңі ұзын киім киіп жүрмін. Оның қалауы басқа, менің қалауым басқа. Күйеуімнің қалауын ескермеуім дұрыс па?
Исламдағы апа-қарындастарымыз шариғатқа сәйкес махрам емес еркектердің алдында бастарына орамал тағып, өздері толықтай жабылып жүрулері қажет. Алла Тағаланың әмірі осындай:
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَابِيبِهِنَّ
«Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын» (33:59).
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:
«لاَ طَاعَةَ فِي مَعْصِيَةٍ، إِنَّمَا الطَّاعَةُ فِي المَعْرُوفِ»
«Күнәға бойұсыну жоқ, бойұсыну тек жақсы және дұрыс дегенге ғана қатысты» (әл-Бұхари, 7257, Мүслім, 1840).
Сондықтан сіз дұрыс жасап жүрсіз, яғни күйеуіңіздің разы болмағанына қарамастан хижаб киюіңізді тастамай жүрсіз. Сіз өзіңізден Алла Тағала талап еткендей жасап жүрсіз, Алла мен Оның Елшісі (ﷺ) тыйым салғаннан тыйылып, күйеуіңізге бағынудан бас тарттыңыз.
Сіздің бөтен адамдардың көзінше хижаб киіп жүргеніңіздің күйеуіңізге неліктен жағымсыз екенін біз білмейміз, ал сізге бұл жақсы мәлім. Бәлкім, бұл басқа адамдардың көзінше өзін кем сезінуінде - «заманауи емес» әрі «мешеу» болып көріну қорқынышы себепті шығар, әсіресе, қоғамда сіз сияқты киінген әйелдер болмағанда немесе аз болған жағдайда ол өзін қолайсыз сезінетін шығар. Оның мұсылман екендігіне және оның жанұясы Ислам дінін ұстанатындығына мақтанышын тудыруға тырысыңыз.
Егер ол сіздің келбетіңіз бен сұлулығыңызды мақтан тұтып әрі оның әйелінің қандай сұлу екендігін бәрі көргісі келгенін қаласа, онда сіздің сұлулығыңыз тек оған ғана тән және сіз оны одан басқа бөтен ешкімге көрсеткіңіз келмейтінін айтыңыз. Сіз тек оған ғана бұйырылғаныңызды және тек ол үшін ғана өзіңізді сәндеп, әдеміленетініңізді қалайтыныңызды жеткізіңіз.
Ал Алла дұрысын біледі.
asyldin.kz