Әдейі жалған ант беріп қойған адамға не істеу керек?
«Алла анттарыңдағы бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады» (2:225).
Алла Тағала атымен жасалған анттың үш түрі болады. Соның бірі - гамус.
Гамус – өткен немесе қазіргі уақытта болып жатқан әлдебір оқиғаға байланысты әдейі жасалған жалған ант. Мысалы, егер адам қарызын өтемей тұрып, оны толықтай өтедім десе немесе егер адамның қалтасында көлемді сома бола тұра ақшам жоқ деп ант етсе, бұл гамус ант болады. Мұндай ант үлкен күнә болып табылады. Көптеген хадистерде келтірілгендей, жалған ант беру Аллаға серік қосу, өлтіру, ата-анаға бағынбау сияқты ұлы күнәлар санатына жатады, сондай-ақ, жалған ант — адамның Тозаққа түсуінің себебі болуы мүмкін.
Ханафи, ханбали және малики мәзхабтарында жалған ант бергені үшін кәффәрат (өтелімі) жоқ. Жалған ант берген адам Алла Тағаладан кешірім сұрап, жасағаны үшін тәубеге келуі керек. Жалған ант Алла Тағалаға деген құрметсіздік болып табылады әрі мұндай ұлы күнәдан кәффәрат арқылы құтылу мүмкін емес. Хадистердің бірінде бес нәрсе кәффәратты талап етпейді делінген, сол бес нәрсенің бірі болып жалған ант айтылған (Шаукани, Найлюль-Аутар, 8/264).
Бұл жерде кәффәрат талап етілмейді деп айтылуда төмендегі нәрсе меңзеліп отыр: кәффәрат жалған айт сияқты үлкен күнәні кетіре алмайды. Сондықтан жалған ант берген адам осы күнәсі үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, мұндай күнәні ендігәрі жасамауға нық ниетте болуы тиіс.
asyldin.kz