Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз қажылыққа бара ала ма?
Ханафи мәзһабы бойынша, әйел адам күйеуінсіз немесе өзінің жақын туысы болып келетін ер адамсыз қажылыққа бара алмайды.
Егер әйелмен бірге махрам ер адам баратын болған жағдайда, ол күйеуінің рұқсатынсыз қажылық парызын өтеуге бара береді. Қажылық жөнінде күйеуі әйеліне кедергі келтіруіне рұқсат етілмейді. Себебі күйеуінің құқығы — әйелінің құлшылық міндеттілігін өтеуін болдырмауға мүмкіндігі жоқ, өйткені қажылық парыз болып табылады.
Факихтердің басым көпшілігі мынадай пікірді ұстанады — қажылық Ислам негіздерінің бірі әрі әрбір мұсылманның жеке басының парызы болғандықтан, күйеуі әйелінің қажылық борышын өтеуіне кедергі жасауына құқығы жоқ.
asyldin.kz