Намаз оқығанда басты иіп тұруға бола ма?
Намазда басты иіп тұру - қиямға еш зиянын тигізбейді. Сүннет пен құлшылықтың барлық әдебі сақталып оқылған намаз ғана кәміл намаз болып табылады.
Адамзаттың асылы, ең көркем мінездің иесі - Алла Елшісі (ﷺ) құлшылықта болсын, күнделікті тұрмыс-тіршілікте болсын біз үшін ең үздік өнеге болып табылады.
Сондықтан, шүбәсіз, құлшылықтың барлық әдебін сақтауды біз сүйікті Пайғамбарымыздан (ﷺ) үйренеміз. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (ﷺ):
«Намазды мен оқығандай оқыңдар» - деп айтқаны келтірілген (Бұхари, Азан, 18).
Аталмыш хадисті негізге ала отырып намаз оқитын болсақ, онда төменде келтірілген әдепті ұстанамыз: қиямда тұрғанда сәждеде маңдайымыз тиетін жерге қарап тұру; рүқұғқа барғанда аяқтың бақайларына қарау; сәждеге барғанда мұрынға қарау; тәшәһһүд дұғасын оқу кезінде жамбасқа қарау; ал сәлем беру кезінде оң жақ және сол жақ иыққа қарау.
asyldin.kz