Ғұсыл алу барысында үш рет жуыну міндетті ме?
Ғұсыл дегеніміз «суға түсу», яғни денені құрғақ жер қалдырмастан таза сумен жуу дегенді білдіреді. Барлық шариғат ғалымдары осы пікірмен келіседі. Ханафи мен ханбалилер мұрын мен ауыз қуысын дененің сыртқы бөліктері ретінде қарастырады.
Сондықтан олардың ішін шаюды міндетті (парыз) деп санайды. Дене мүшелерін үш реттен жуу, барлық төрт мәзһабтың пікірі бойынша, сүннет, яғни жасаса сауапты амал болып табылады. Сонымен қатар, ғұсыл алудың тәртібі де сүннет.
Мәселен, жуынғанда алдымен басты, кейін оң жақ иықты, сосын барып сол жақ иықты сумен шаю. Алайда, бұл реттілікті сақтау, денені үш рет жуу міндетті (парыз) емес. Ғұсылдың дұрыс болуы үшін, бүкіл денеде құрғақ жер қалдырмай бір рет жуып шығу жеткілікті. Егер адам ағын суға сүңгіп, онда біршама уақыт кідірсе, ол ғұсылдың парыздарын ғана емес, сүннеттерін де орындаған болып саналады. Ең маңыздысы денеде су тимеген иненің жасуындай құрғақ жер қалмағанына сенімді болу керек.
ummet.kz