Мен Исламды жуырда ғана қабылдаған жанмын. Мені ұнататын бір ер адам маған оның екінші әйелі болуымды ұсынды. Мен келістім, бірақ оның бірінші әйелі оның бұл әрекетін қабыл етпейтіндіктен, екеумізге жасырын түрде үйлену керек деп айтты. Мен оны сүйемін, бірақ мұндай жасырын некенің дұрыстығына сенімді емеспін, өйткені бізге үнемі өтірік пен алдауда өмір сүруге тура келеді ғой. Мен де оның бірінші әйелімен құрған некесін бұзғым келмейді. Ол жасырын неке Исламда рұқсат етілген деп айтады, бірақ оның айтқанына сенерімді білмеймін. Қандай кеңес бересіздер?
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әссалаумағалейкум уә рахматұллаһи уә бәрәкәту!
Негізі, жасырын некенің көптеген келеңсіз салдары болатынын түсінгеніңіз орынды. Дегенмен, Исламда екінші неке туралы бірінші әйеліне білдірмеуге болады, алайда мұндай жасырын неке ұнамсыз болып саналады. Үнемі оның салдарын есте сақтаған жөн:
- Егер бірінші әйелі күйеуінің екінші неке құруына моральды түрде дайын болмаса, онда бұл бірінші неке үшін өте қиын болуы мүмкін.
- Егер күйеуі өлсе, оның мүлігіне ие болуға екі әйелі де бірдей құқылы. Алайда жасырын некедегі екінші әйелі құр алақан қалуы мүмкін, өйткені оның бар екенін ешкім де білмеген болып шығады.
- Көп некелілікте күйеуі әйелдеріне арнайтын уақытын тең бөлуі тиіс. Жасырын некеде сіз күйеуіңіздің уақытына ие болу құқығынан айырыласыз, яғни, ол сізге өзі қалаған уақытында келетін болады. Күйеуіңіз ретінде екінші әйелін материалды қамтамасыз ету ережесін орындамауы мүмкін.
Осы жағымсыз салдардың бәрі сізге қатты әсерін тигізуі ғажап емес, өйткені сіз Исламды жуырда ғана қабылдадыңыз, тұтас алғанда, сіздің Исламға деген теріс көзқарасыңызды қалыптастыруы әбден мүмкін.
Егер бұл ер адамның сізге деген расымен шын ниеті бар болса, мұны ашық әрі айқын түрде, ешкімге залалын тигізбей жасауы қажет.
Біздің сізге қосар ақылымыз, Алладан басшылық пен жәрдем тілеңіз — негізінде, Ол әрқашан Өз құлдарына көмектеседі.
Біз Алладан сізге тақуа күйеу сыйласын деп дұға етеміз.
Алла Тағала дұрысын біледі.
asyldin.kz