Менің ата-анам — дінді ұстанбайтын мұсылмандар, олар тыйым салынған (харам) тамақты ішіп-жейді. Өзім лайықты түрде дінді ұстануға әрі тыйым салынғаннан тыйылуға тырысамын. Бірақ бұл жағдай маған өте ауыр соғуда: маған біздің үйдің бар жері лас, былғаныш болып тұратын сияқты. Мысалы, егер арам астың жартысы еденге түсіп қалса, еденді бүкіл үйдің еденін сүртетін шүберекпен сүрте салады, - ендеше, лас нәрсе бүкіл үйге таралғаны ғой. Бізде мысық бар, ол да лас жерге отыра салады да, сосын жүгіріп, бүкіл үйге осы лас нәрсені таратады. Бәлкім, маған солай көрінетін шығар, бірақ бұл жағдай маған өте ауыр соғуда...
Әссаләму әлейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
Дінді ұстануда алаңдағаныңыз үшін Алла сізге сауап берсін әрі сіздің туғандарыңызды тура жолға салып, олар да дінді ұстануды бастасын, ин ша Алла.
Сізге еденде немесе жиһазда бар болып көрінер лас нәрсе туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Негізі, шариғаттың қаулысы тиімді әрі ұстануға жеңіл, керісінше, жиі дінді өзіміз қиындатамыз және оны ұстану қиын деп санаймыз.
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
إن الدين يسر، ولن يشاد الدين أحد إلا غلبه، فسددوا وقاربوا، وأبشروا
«Негізінде, Ислам діні – бұл жеңілдік әрі оны ұстану қиын емес, тек егер адамоны өзіне қиындатпаса, сондықтан сабырлылықтанытыңыз және бәрін кемелденген түрде ұстануға тырысыңыз, тіпті егер әрқашан мінсіз болу қолыңыздан келмесе де, басқаларды игі хабармен қуантыңыз» (Сахих Бұхари, 39 хадис, Әбу Хурайра келтірген).
Үйдегі еден, жиһаз және т.б. тазалығына қатысты мынандай қағида бар: егер олардың бетінде былғаныш нәрсенің іздері, дәмі немесе иісі болмаса, онда олар таза болып саналады (Раддуль Мухтар, 6 т, 733 б.).
بخلاف ما إذا ظهر في الثوب الطاهر أثر النجاسة من لون أو طعم أو ريح فإنه يتنجس
Демек, егер сіз еденнің, жиһаздың және т.б. бетінен лас нәрсенің іздері мен иісін көрмесеңіз, сіз оларды таза деп санауыңыз керек. Сондай-ақ, есіңізде мына бір фиқх қағидасын ұстағаныңыз жөн:
اليقين لا يزول بالشك
asyldin.kz