Ұйқыға жатардың алдында қандай дұғаларды оқығанымыз жөн?
Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқаны келтірілген:
«Егер ұйықтардың алдында «Фатиха» мен «Ықлас» сүрелерін оқып жатсаң, өлімнен басқаның бәрінен сақталатын боласың» (Кензуль-Ирфан).
«Ұйқыға жатарда: «Алланың ашуынан, Оның құлдарының зұлымдығынан және шайтанның азғыруынан Оның мінсіз сөздерінен пана іздеймін», - деп айтыңдар».
Егер осы сөздерді айтар болсаңыз, онда кез-келген зұлымдық атаулыдан ада боласыз» (Әбу Дәуд, Тыбб, 19; Тирмизи, Дағуат, 90).
Сондай-ақ, тағы бір риуаятта Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
«Ұйқыға жатарда «Кафирун» сүресін оқыңдар. Бұл шіркке қатысы жоқтықты білдіреді» (Тирмизи, Дуа, 22).
asyldin.kz


 26 Қазан 2025
                                    26 Қазан 2025 4 Джумада-авваль 1447
                                    4 Джумада-авваль 1447


 
                    