Күнделікті дәрі-дәрмек ішетін адамдар ораза ұстауға міндетті ме?
Ораза кезінде дәрігердің жазып берген дәрілерін ішуден бас тарту арқылы науқастың халі нашарлап немесе дерті асқынып кететіндей болса, онда адамға ораза ұстамауына болады. Дерт – ораза ұстамауға болатын дәлелді себеп болып табылады.
Дертінен айығып, тәуір болған адам кейін оразаның ұсталмай қалған күндерін өтеуі қажет. Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
«Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер...» (2:184).
Ал созылмалы ауруға шалдыққан себепті өмірінің соңына дейін дәрі-дәрмек ішуге мәжбүр болған жандар, ұсталмай қалған оразаның әрбір күнінің фидиясын төлейді. Егер созылмалы ауруға шалдыққан адамның фидия төлеуге мүмкіндігі болмаса, онда мұндай адамның мойнынан фидия төлеу міндеті алынады, өйткені біздің асыл дініміз адамның мүмкіндігі келмейтін нәрсені оған жүктемейді.
asyldin.kz