Ата-анасының жасаған күнәлары балаларына әсер етуі мүмкін бе?
Анасының құрсағында жатқан сәбидің келешекте күнәһар немесе тақуа жан болатындығы, оның тағыдырының қандай болатындығы анықталып қояды әрі егер ата-анасы сәбиі дүниеге келмей жатып тыйым салынған амалдар жасаған болса, онда «нәресте харам» болады деген пайымдау бар, алайда әлі дүние есігін ашпаған нәрестенің не күнәсі бар? Он сегіз мың ғалам туралы ақпарат Ляухул-Махфузға жазылып қойған. Араб тілінен аударғандағы бұл сөздің мағынасы «Сақталынған Скрижаль». Алла Тағала "Сақталынған Скрижальді» Өз «Ілім» атрибутынан алып жаратқан.
«Әлим» есімі Сақталынған Скрижальде көрініс тапқан, өйткені мұнда әрбір жаратылған пендеге қатысты не болып, не қоятыны туралы ақпарат жазылған. Адам жайындағы барлық биологиялық ақпарат ДНҚ құрылымында мұқамдалған болса, ал оның өмір сүру жолы оның есіне жазылған.
Ана құрсағында жаңа өмірдің нышаны пайда болған кезде – үлкен скрижальдің шағын көшірмесі Ғаламның кішірейтілген кескіні – жаңа дәптер басталады. Ляухул Махфуздан ақпарат алынып, жеке адамдар үшін ашылатын әлгі шағын дәптерлерге жазылатын болады. Сол себепті бәрі алдын-ала жазылып қойылған, тіпті жаңа туатын баланың келешекте күнәһар немесе тақуа жан болатындығы да.
Тақуалық немесе күнәһарлық жөнінде Ляухуль Махфузда жазылған адамның барлық амалдары ескерілінбей, біз адамның күнәһар немесе тақуа болатындығын айта алмаймыз. Адамның қандай амалдар жасайтынын алдын-ала тек Алла Тағала ғана біледі.
Бұл мәселеден біздің ең басты түсінетініміз: сәби дүниеге келмей тұрып-ақ, Алла Тағала оған нәсіп еткен ақылы мен ерігін пайдалана отырып, келешекте жаман амалдар жасап, күнәһар болатындығын біледі.
Кезінде ата-анасының тыйым салынған нәрселерді жасауы себеп болуы мүмкін, бәрібір баланың өз ерігін кемітуімізге болмайды. Ата-анасының пайызға ақша беріп, ақша алуы, парақорлықпен айналысуы, зина жасауы және өтірік айтуы тікелей олардың балаларынан көрініс табуы мүмкін.
Кейде Алла Тағала балаларға сынақтар жіберу арқылы олардың ата-анасын жазалайды. Мысалы, кезінде ата-анасы тыйым салынған – зинамен айналысқан шығар. Ата-аналары өз қателіктерін түсініп, тәубелеріне келсін деп Алла Тағала осы күнәларды балаларынан көрсетеді, алайда бұл тек ата-анасының жасаған күнәлары ғана баланы күнә жасауға итермелейді дегенді білдірмейді.
Әр нәрседе баланың өз ерігі бар, Алла Тағала тарапынан мәжбүрлеу жоқ. Сәби күнәсіз, ал бала ата-анасының күнәсіне жауап беріп жатыр деген пікір мүлде орынсыз. Күнәні өзіміз ғана жасаймыз әрі қиямет күні сол жасаған күнәларымыз үшін өзіміз ғана жауап береміз.
asyldin.kz