Қиын-қыстау кезде маған, менің отбасыма үнемі қол ұшын беріп жүретін әрі менің дұрыс жолға түсуіме себепкер болған жақын досым бар. Мен оған шексіз разымын. Ылғи сол досым үшін дұға жасағым келеді. Өзге адам үшін жасаған дұғаны Алла қабыл етеді деп естідім. Сол рас па? Дұғаны қалай жасауым керек?
Өзге адам үшін жасалған дұғаны Алла қабыл етеді. Негізінде, Исламда діндес бауырлар үшін, туған-туыстар үшін және тәлімгерлер үшін де дұға жасау аса маңызды болып табылады. Алла Тағаладан өзіміз үшін емес, өзге адам үшін дұға жасайтын болсақ, осы дұғамыздың қабыл болу мүмкіндігі анағұрлым арта түседі.
Егер сіздің досыңыз ақиқат жолды көрсетіп, сол жолға сіздің түсуіңізге себепкер болған болса, онда бұл адамның сіздің өміріңізден алатын орны ерекше болу керек. Және де мұндай адам үшін дұға жасау, сөзсіз, разылық танытудың көркем түрі болмақ, алайда бұл жерде мына бір дұға ең жақсы деп айту қиынға соғады.
Жалпы айтқанда, сіздің дұғаңыз бұл адамның өмірі асыл дінімізге қызмет етуге бағытталған болсын, сол арқылы Алла разылығына кенеліп, ақиретте Жұмақ мекендеушілерінен болсын деген сарында болғаны жөн болар.
Маңыздысы, сіздің дұғаңыз шынайы түрде болуы тиіс. Өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де жасалған дұға шын жүректен шығып, жан-тәніңізбен жасалуы қажет. Алла Тағала сізге осындай дұғаларды нәсіп етсін әрі сіздің дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Әмин!
asyldin.kz