Кейбір адамдар тәуассулды қабылдамайды, олардың пайымдауынша, бұл нанбаушылық және көп құдайға табынушылық болып табылады, өйткені кез-келген сиыну дұға, ал хадиске сай дұға - құлшылық болып табылады. Осы мәселені дұрыстап түсіндіріп беріңіздерші.
Кей кезде сиыну дұға деп аталынғанымен, бірақ құлшылық деп аталмайды. Мына төменде келтірілген аятта былай айтылған:
Мағынасы: «Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға ұқсатпаңдар!...» (24:63).
Ендеше, кез келген дұға құлшылық емес. Кез келген сиыну дұға болса, ал кез-келген дұға құлшылық болса, онда мұның тіріге де, өліге де қатысы болар еді, сәйкесінше, тіріге не өліге болсын, жануарға немесе жансызға болсын кез-келген сиынуға тыйым салынған болар еді. Алайда біз бұлай емес екенін білеміз.
Адамды Алладан басқаға иман келтіру немесе Алладан басқаның ықпалы бар деген сенім ғана көп құдайға табынушылыққа итермелейді. Ал Алла Тағаладан өзгеге әрі өздігінен ықпал ете алмайтынға сиыну құлшылық етуге лайық деп есептемелмейді әрі құлшылық болып табылмайды.
Көптеген хадистерде өлілерге сиыну келтірілген, сол себепті олардың: «кез-келген сиыну дұға, ал кез-келген дұға – құлшылық болып табылады» деп айтуы, жалпы алғанда, дұрыс емес.
Егер бұл сөз ақиқат болғанда, өліге де, тіріге де сиынуға тыйым салынған болар еді, өйткені шын мәнінде оларда ықпал ету жоқ.
Күллі мұсылман қауымы тек Алла Тағалаға сиынып әрі тек Ол ғана ықпал ете алады дегенге иман келтіреді.