Тозақтық пен Жұмақтықтар бір-бірін көретін бола ма?
Қасиетті Құранның “Саффат” сүресіндегі 51-57 аяттарында Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің бір-бірін көретіндігі мен солардың өзара әңгімелері былай келтірілген:
«Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді. (51)
(Ол, маған): «Шын-ақ растаушылардансың ба?» - дейді. (52)
“Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?” (53)
“Оны көргілерің келе ме?”- дейді. (54)
Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: (55)
“Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді. (56)
“Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де тозаққа келтірілгендерден болар едім” (57).
Міне, көріп отырғанымыздай, Алла Тағала Қасиетті Құранда Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің бір-бірін көретіндігі және олардың әңгімесін де келтірген. Жұмақ мекендеушілері үшін бір-бірін көру мүмкіндігі ұлы игілік болып табылады, өйткені олардың жүректері құтылуды нәсіп еткен Алла Тағалаға деген ризалыққа толы болады. Алайда сәтсіздікке ұшыраушы Тозақты мекендеушілер үшін Жұмақты әрі жұмақтықтарды көру – төзуге болмас азап пен қасірет болып табылады.
asyldin.kz