Барзах әлеміндегі жандар бұл дүниеде не болып, не қойып жатқанынан хабардар ма?
Топырақтан жаралған тәніміз қайтадан топыраққа айналып кеткенімен, біздің жанымыз мәңгіге қалады, сол себепті өлімнен кейінгі өмір біз үшін бір тылсым дүние болып қала бермек. Бұл дүниедегі адамдар мен о дүниелік болып кеткен марқұмдар мүлде өзге әлемдерде өмір сүреді.
Бақилық болған марқұмдардың жандары Барзах әлемінде бізге беймәлім өмір сүреді, рахат пен қуанышты сезіне алады әрі азап та шегеді, алайда бұл дүниедегі адамдар Барзах әлеміндегі марқұмдардың не сезініп, не қоятынын түсініп, біле алмайды.
Түрлі хадистерде келтірілгендей, Барзах әлеміндегі марқұм мұсылмандардың жандары бір-бірімен кездесе алады, сондай-ақ, бақилық болғандар тірілерден хабар алып, олардың қабірінің басына келгендерді көре алатындығы айтылған риуаяттар да бар. Сонымен қатар, марқұмдар олар үшін кімнің дұға жасайтынын біле алады.
Барзах әлеміндегі мүміндердің жандары еркіндікте болғандықтан, олар еш кедергісіз орын ауыстыра алады, алайда кәпірлер мен күнәһарлардың жандары азапта болады.
asyldin.kz