Кейбір этникалық мұсылмандар егер мұсылман қарындасымыз мұсылман емеске тұрмысқа шықса, тіпті ол дінін ауыстырмай, өзін мұсылман санаса да діннен шыққан болады деп санайды. Осы дұрыс па?
Аса Қамқор әрі Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Негізі, мұсылман қарындасымызға мұсылман емеске тұрмысқа шығуға тыйым салынған. Мұндай неке шынайы болмайды, өйткені мұнда зина жасағандай күнә болады. Алайда күнә жасау адамды біздің асыл дінімізден шығармайды. Егер әйел адам Исламнан шығаратындай ешнәрсе жасамаса, онда ол мұсылман болып саналады, яғни діннен шыққан болмайды.
Ал дұрысын Алла Тағала біледі.
asyldin.kz