Кейбір адамдар: "Дәрет алу барысында - бетті, қолдарды, аяқтарды жуғанда дұға айту харам, өйткені бұл бидғат болып табылады", - деп айтады. Осы дұрыс па?
Жоқ, бұл дұрыс емес. Дұғаны үнемі және барлық жерде айтуға болады, тек әжетхана мен лас орындарда болмайды. Дұға ең құнды әрі ең бағалы құлшылықтардың бірі. Дәрет алғанда үндемей тұрғаннан гөрі дұға айтып тұрған анағұрлым жақсырақ.
«Махалли» кітабында былай жазылған: «Ибну Хиббан әлсіз иснадпен Пайғамбарымыздың (ﷺ) дәрет алғанда дұға оқығанын келтірген». Тіпті әлсіз хадис болса да, жақсы амалдар жасау үшін оны қолдануға болады.
Тіпті Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі дәрет алу кезінде дұға оқымаса да, дұға оқуға болады, өйткені Алла Елшісі (ﷺ) дәрет алғанда дұға оқуға тыйым салмаған, себебі дұға жасау жақсы амалдан болып табылады.
asyldin.kz