Зиратқа барып, қабірдің басында Құран оқу дұрыс па?
Халал Шабабиден келесіні келтірген: «Мединелік ансарлардың туыстарының бірі қайтыс болғанда, олар оның қабіріне барып, сол жерде Құран оқыған».
Суюти былай айтқан: «Егер Құран оқуға рұқсат етілген әлсіз хадистердің бәрін жиятын болсақ, олар жеткілікті дәлелге айналады» («Шархус-судур», 311 б.).
Имам Науауи «Азкар», «Шархул-мухаззаб», «Риязу-ссалихин» кітаптарында былай келтірген: «Имам Шафиғи қабірдің басында Құран оқу жақсы амал болып табылады және де Құранды толықтай оқыған жақсы деп айтқан» («Риязу-с-салихин», 430 б.).
Ханбалит мәзһабының діндар ғалымы әл-Хафиз Шамсуддин әл-Макди былай айтқан: «Қабір басында Құран оқу бізден бұрынғы және бізден кейінгі ғалымдармен де рұқсат етілген, бұл мұсылман қоғамының біртұтас келісімі - иджма‘».
Көріп отырғанымыздай, Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистері, сахабалардың амалдары, имамдардың пікірлері мен мұсылмандардың біртұтас келісімі – қабір басында Құран оқудың негізі болып табылады.
asyldin.kz