Нәрсете дүниеге келгенде адамдар қой сойып жатады. Ал дүниеге ұл бала келсе екі қой сою міндет пе? Бұл жөнінде асыл дініміз ислам не айтатынын білгім келеді.
Хадис-шәріпке сүйенсек, ұл дүниеге келсе акика ретінде екі қой, ал қыз дүниеге келсе – бір қой сою абзал (Әбу Дәуд, Адахи 21; Тирмизи, Адахи 17).
Алайда аталмыш хадиспен қатар басқа да риуаяттар келтірілген. Бұл риуаяттарда дүниеге келген ұл үшін де, қыз үшін де бір қой сойылатындығы айтылған (Әбу Дәуд, Адахи 21).
Сәйкесінше, егер мүмкіндік болып жатса, жаңа туған ұл үшін екі қой союға, ал қыз үшін бір қой союға болады, ал егер мүмкіндік болмаса, онда бір қойдан да союға болады.
Ханафит мәзһабы бойынша акика мубах болып саналады, ал қалған үш мәзһаб бойынша – сүннет. Сол себепті, егер нәресте дүниеге келгенде адамның материалдық жағдайы қою союды көтере алмайтын болса, оған күнә болып жазылмайды, ал кімде-кім қой соятын болса, онда оған сауап жазылады.
asyldin.kz