Жамағатпен оқылған намаздан соң кейбір адамдар қол алысып жатады. Бұл шариғатқа сәйкес келмейтін бидғат болып табыла ма?
Намаздан кейін қол алысуға тыйым салынған немесе оны құптайтын ешбір аят та, хадис те жоқ. Алайда амандасудың артықшылығы баяндалған хадистер бар. Тирмизи мен Әбу-Дәуд келтірген хадисте былай айтылған:
«Кездескен екі мұсылман қол алысып амандасқанда, олар тарқамай тұрып күнәлары кешіріледі».
Сондай-ақ, намаз оқып болған екі мұсылман осыған дейін қол беріп амандаспаса, онда олардың намаздан кейін қол алысқандары жөн. Егер олар намаз басталмай тұрып қол алысып амандасып үлгерсе, ал намаздан кейін қол алысып, бір-біріне Алла Тағала оқыған намаздарының қабыл етуін тілеуде тұрған қандай әбестік бар? Қол алысқандары өте дұрыс, өйткені бұл діндес бауырларды бір қуантып тастайтын амал.
Баззар келтірген бір хадисте былай айтылған: «Бір мұсылман екінші бір мұсылманның қолын алар болса, талдан құрғақ жапырақтар түскендей олардың күнәлары түсетін болады».
asyldin.kz