Сұрақ: Исламда адам өмірінің 40-шы жылы неліктен ерекшеленетіні жөнінде білгім келеді. Бұл жөнінде Құранда жазылғанын білемін, осы сұрақты кеңінен түсіндіріп берулеріңізді сұраймын. Алдын ала алғысымды білдіремін.
Жауап: Алдымен Қасиетті Құранда былай айтылғанын келтіріп өтейік:
«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын” деді» (46:15).
1. Негізінде, «Ақыр ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде» деген аятта адамның ақыл тоқтататуы және оның саналылығы, байыптылығы шамамен осы жаста қалыптасатындығы айтылған. Алайда бұл уәж емес, өйткені адам баласы әрқашанда өз амалдарына, сөздеріне жауапты болуға міндетті!
Тек шынайы өмір көрінісіне қарап қана тек қырық жасқа таман адамда анағұрлым жауапкершілік сезімі оянып, басқаша ойлап, даналы болып, өзіне көптеген міндеттерді жүктеп әрі сол жүктелген міндеттерін лайықты түрде орындауға тырысатын болады. Көбіне бұл кезең отбасы өмірінің дамуымен байланысты, яғни балалардың ержетіп, ата-аналарға қамқорлық қажет болатын кезі.
Бұл кезең – ер жету, кемелдену кезеңі. Жоғарыда келтірілген жағымды қасиеттер – бұл пайғамбарларға (а.с.), мүміндерге тән қасиеттер. Ақылдылықтың белгісі. Тақуалық пен Алла Тағаланың Өз пенделеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Аталмыш жас ауқымы өзгеріп тұруы мүмкін, өйткені бұл бір жағынан физикалық қалыптасу болса, алекінші жағынан - рухани қалыптасу.
Ал өмірдің рухани қалыптасу кезеңі дәл 40 жас кезеңіне дәл келеді. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) пайғамбарлық міндет дәл осы 40 жаста берілді мес пе?..
2. Осы жаста адам ата-аналары мен балаларын анағұрлым бағалай бастайды.
«Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естиярлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті» (4:6).
Келтірілген аяттың Әбу Бәкір (р.а.) туралы айтылған деген риуаят бар, өйткені Әбу Бәкір (р.а) Пайғамбарымызға (ﷺ) иман келтіріп, 38 жасында Ислам дінін қабылдап, ал 40 жасында осы дұғаны жасаған екен. Алла Тағала оның дұғасын қабыл етті. Әбу Бәкірдің (р.а.) әкесі - Әбу Кухаф Осман ибн Амир, оның анасы Уммул-Хайр бинт Сахр ибн Амра, ұлы Абдуррахман және Абдуррахманның ұлы – Мұхаммед те мұсылман болған. Басқа сахабалардың отбасында Әбу Бәкірдің (р.а.) отбасындағыдай иман келтірген мүміндер болмаған! (Куртуби, тәпсір).
«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық». Біздің асыл дініміз Ислам ата-анасының қай дінді ұстанатынына қарамастан оларға қатысты тек жақсылық жасауға үндейді. Ата-анаға деген жақсы қарым-қатынас, таза иман және тақуалықпен бірдей болуы тиіс.
3. Сонымен қатар, жоғарыдағы аят әрбір мұсылманның міндеті Алла Тағалаға мадақ айтып, Оған шүкіршілік ету екендігін көрсетеді, өйткені мүмін адам балаларының, ата-анасының Алла Тағаланың мейіріміне бөленгенін қалайды ғой.
Сонымен, ақыл тоқтатқан, саналы адам тек өзіне қатысты ғана емес, сондай-ақ, өзінің айналасындағыларға да анағұрлым жауапкершілікпен қарайтын болады. Ол сөздері мен қылықтарын, амалдарын өзгелерге зиянын тигізбейтіндей етіп жасайды.
Көптеген өмірлік мәні бар мәслелерді адам ойласымды түрде тиімді шешіп, қиындықтар мен ауыртпашылықтарды еңсеріп отыратын болады. Тіпті мұндай адам құлшылықтарын да анағұрлым кемеліне жеткізіп орындайтын болады.
Ең дұрысы Аллаға мәлім!
asyldin.kz