Сұрақ: Мүмінге басқа адамды қарғауына бола ма? Өзін ренжіткен адамды қарғаған жан қандай жазаға ұшырайды?
Жауап: Асыл дініміз Ислам өзгелерді де, өзін де қарғауға тыйым салады. Сөздіктердегі «қарғыс», «лағынет» сөздері мен «баддуа» сөзінің мағыналарын кейбір ислам ғалымдары бір-біріне жуық деп тапқан. Кейбір хадистерде бұл сөздердің маңызы бірдей болып келтірілген.
«Қарғаудың» сөзбе-сөз мағынасы біреуге жамандық тілеу және «Алла Тағаланың кешірімі мен мейірімінен» алыста болу дегенді білдіреді.
Бұл тақырыпты кеңірек ашу үшін келесі хадистерді келтіреміз:
1. «Алланың қаһары және Тозақпен қарғанба» (Тирмизи, «Бирр», 48).
2. «Мұсылман – қарғанбайтын жан» (Ат-Таргиб ват-Тахриб, 3:470).
3. «Иманы берік мұсылман ешкімге тіл тигізбейді, қарғамайды, шектен шықпайды да өзін дөрекі ұстамайды» (Тирмизи, «Бирр», 48).
4. «Шүбәсіз, Қиямет күні қарғаушылар куәгер де, шапағатшы да бола алмайды» (Мүслим, «Бирр»).
5. Күндердің күнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ): «Уа, Алла Елшісі! Мүшріктерге баддуа айтшы», - дегендерге ол (ﷺ) былай деп жауап берген екен: «Мен қарғыс айтушы ретінде келмедім. Мен тек мейірім ретінде келдім» (Мүслим, «Бирр»).
6. Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Бәкірдің (р.а.) кейбір құлдарын қарғап жатқанын байқап қалады да оған (р.а.) былай дейді: «Өзі сахаба, өзі қарғаушы… Ант етейін, бұлай болмайды».
Осыдан кейін тәубесіне келген Әбу Бәкір (р.а.) әлгі құлдарға азаттық беріп, Пайғамбарымызға (ﷺ): «Бұдан былай қарғамаймын деп уәде беремін», - деп сөз берген екен (Ат-Тагриб ват-Тахриб, 3:469).
7. Мүслим келтірген хадисте былай айтылған: «Шынайы мұсылманды қарғыс көркетпейді» («Бир», 84).
8. Мүмінді қарғаудың жауапкершілігіне келер болсақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл мәселені былай сипаттаған:
«Иман келтірген мұсылманды қарғау – оны өлтірумен тең. Кімде-кім мүмінді кәпір деп айыптайтын болса, оны өлтіргендей күнә арқалайды.» (Таджрид,аударма, 12:139).
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі (ﷺ) мұндай «ащы тілден» бойын аулақ ұстаған. Ештемеге қарамастан Пайғамбарымыз (ﷺ) қайырымдылық пен аяушылықтың ең көркем үлгісі болғаны белгілі. Мұсылмандарға адамзаттың асылы Мұхаммедтен (ﷺ) өнеге, үлгі алу керек.
Барысында ең қауіпті сөздер айтылуы мүмкін эмоция жетегінде кетпеуге тырысыңыздар. Өз ашуыңызды ауыздықтап, кейін өкініп, опық жемейтіндей қателіктер жібермеңіздер. Қандай жағдай болмасын өзіңізді ренжіткен адамдарды Алла разылығы үшін кешіру қажет!
asyldin.kz