Сұрақ: Қасиетті Құранда жан мен нәпсі екеуі жеке ұғым болып табылады ма?
Жауап:
Қасиетті Құранда «нәпсі» сөзінің екі мағынасы бар. «Нәпсі» сөзі түрлі белгілер үшін қолданылады. Бұл сөзді «ішкі Мен» немесе «жан» деп аударуға болады. Нәпсі – биологиялық қажеттіліктермен, назбен, тілектермен байланысты адамның болмысы.
Қасиетті Құранда нәпсіге қатысты бірнеше анықтамалар мен олардың түрлері келтірілген.
Ал жан – өзге қасиеттер мен ерекшеліктерге ие Алла Тағаланың дара жаратылысы. Жан – әрбір тіршілік иесінің шынайы болмысы. «Рух» немесе «жан» ұғымдары ислам дінінде басқа ұғымдардан қатты ерекшеленеді.
Негізінде жан мен нәпсінің болмысы әлдебір жеке жасаушылар болып табылады деген келіспеушілік жоқ. Алла Тағаланың Құранда былай айтқанын бұған мысал ретінде келтіруге болады:
«Ал Ғиса ( Ғ.С.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! деп қарғасайық» де…» (3:61).
Мұнда «ленфусана - өздеріміз» және «ленфусекум - өздерің» деген сөздерді белгілеу үшін «нәпсі» сөзінің түбірінен жасалған сөздер қолданылып отыр.
Алла Тағала бұл сөзді адамдар мен жындарға бағыттап, сондай-ақ, адам жанын сипаттау үшін қолданған аяттар да бар. Соңында «нәпсі» сөзі кейде «рух» мағынасында қолданған Құранның аяттары поэзияда жанды сипаттауда кеңінен қолданыла бастады.
Сонымен қатар, Қасиетті Құранда кейде «нәпсі» сөзі «жан» мағынасында да қолданылады. Құранда «нәпсі» сөзі түрлі болмыстарды сипаттауда көбірек айтылады. Кейде ол «жан», тіпті «жүрек» мағыналарында да қолданылады. Ендеше, нәпсі және жан – екі түрлі ұғым болып табылады.
asyldin.kz