Сұрақ: Төмендегідей мағынадағы хадис сенімді ме: Фатима (Алла оған разы болсын) етеккір де, нифас та ешқашан көрген жоқ. Өйткені, ол Жәннат суынан жаратылды. Бұлай болған себебі, ол Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) миғраж кезінде Жәннатта болып, Жәннат жемістерін жеп, Жәннат суын ішкеннен кейін туылды.
Жауап: Біздің түсінуімізше, бұл жерде екі ойдан шығарылған хабарлама біріктірілген:
1. Аиша (Алла оған разы болсын) бірде Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Фатиманы (Алла оған разы болсын) сүйгенін көргендігін риуаят еткен. Содан кейін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деген:
«Уа, Хумайра! Мен миғраж түні Жәннатқа кіргенде бір ағаштың астына барып кідірдім. Шын мәнінде, Жәннатта жапырақтары сондай жарқын және жемістері сондай тіл үйіретін сол ағаштан әсем ағаш болған жоқ. Мен сол ағаштың жемісін жегенімде ол менің арқамда ұрық тамшысына айналды. Үйге қайтқаннан кейін Хадиджамен (Алла оған разы болсын) жақындастым, сөйтіп, ол Фатимаға жүкті болды. Мен Жәннаттың иісін сезінгім келгенде Фатиманы сүйемін. Уа, Хумайра, Фатима бұл дүниенің әйелдеріне ұқсамайды. Ол әдеттегі әйелдер сияқты тән азабын шекпейді». (Әл-Муджәмуль Кәбир, хадис 1000, 22-том)
Мухаддистер бұл хадиске ойдан шығарылған деп баға берген. Сондай-ақ, Фатиманың (Алла оған разы болсын) миғраждан көп уақыт бұрын туылғандығы белгілі. (Лисәнуль Мизан, 1-том, 401-бет және Тарзиху ш-Шариа, 1-том, 409/410-беттерді қараңыздар)
2. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің қызым – осы дүниенің әйелдерінің бірі, бірақ, ол етеккір көрген жоқ…». (Тарих Бағдад, 14-том, 288-бет)
Мухаддистер де бұл хабарламаны ойдан шығарылған деп тапқан. (Танзиху ш-Шариа, 1-том, 412/412-беттер).
Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.
azan.kz