Қажылық рәсімдерін орындау кезінде тыйымдарды бұзудың қандай түрлері бар?
Ж: Қажылық кезіндегі тыйымдарды бұзу жағдайлары әркелкі. Мысалы: дәретсіз тауап жасау, уәжіптерді тастап кету, рәсімдердің тәртібін сақтамау, уәжіпті не парызды уақытынан кешіктіру. Олардың әрқайсысын төменде түсіндіретін боламыз. Тауапты дәретсіз не жүніп күйінде жасау
С: Тауапты дәретсіз не жүніп күйінде жасаудың үкімі қандай?
Ж: Келу тауабын не қайту тауабын дәретсіз жасаса оған әрбір айналымына жарты сағ садақа беруі тиіс. Ерікті тауаптарда да осылай. Келу тауабын не қоштасу тауабын жүніп күйінде жасаса бір қой союы тиіс. Етекірлі түрде не нифас күйінде тауап жасаушы әйелдердің үкімдері де осылай. Зиярат тауабын дәретсіз жасаса бір қой союы тиіс. Зиярат тауабын жүніп күйінде жасаса ірі қара шалуы керек. Етекірлі және нифас боған әйелдердің үкімдері де осындай.
Ескерту: Дәретсіз не жүніп болып тауап етіп, кейінірек тазаланып, тауабын қайтадан жасаса жазасы болмайды. Қажылық кезінде уәжіпті тастап кету
С: Қажылықтың уәжіптерінің біреуін тастап кетсе не болады?
Ж: Оның жазасын төмендегідей: Муздалифада тұруды тастап кетсе мал шалуы тиіс. Сафа мен Маруа арасында жүгіруді тастап кетсе де қой союы тиіс. Барлық жәмрат күндерінде тас лақтыруды немесе құрбан шалатын күндегі Ақаба жәмаратын тастап кетсе немесе белгіленген мөлшерде тас лақтырмаса қой союы тиіс. Бір күнгі жәмараттардың біреуін тастап кетсе садақа беруі керек. Арафаттан күн батудан бұрын шығып кетіп, күн батқанға дейін қайтып оралмаса бір қой союы тиіс. Қоштасу тауабын немесе оның төрт айналымын тастап кетсе қой союы тиіс. Үш айналым тастап кетсе садақа беруі тиіс. Ал, егер, Меккеге қайта оралып, қайтадан тауап жасаса мойнынан түседі.
Рәсімдердің тәртібін бұзу
С: Рәсімдердің тәртібін бұзудың үкімі қандай?
Ж: Рәсімдердің тәртіптерін бұзудың үкімдері төмендегідей:
Тәмәттуғ немесе қиран жасаушы Ақаба жәмаратында тас лақтырудан бұрын құрбан шалса немесе құрбандықтан бұрын шашын алса қой союы тиіс. Қажылықты жасаушы кісі Ақаба жәмратынан бұрын шашын алса қой союы тиіс. Рәсімдерді кешіктіріп орындау
С: Кешіктірудің қай түрі жазаны уәжіп етеді?
Ж: Олар мыналар: Тәматтуғ не қиран жасаушы құрбан шалуды құрбандық шалу күндерінен кешіктірсе бұл кешіктіруінің жазасы бір қой сою. Шашын алуды не қысқартуды аталған күндерден ешіктірсе мал союы тиіс. Ескерту: Қажылық жасаушыға зиярат тауабы айналымдарының барлығын немесе көбін орындамайынша төсек қатынасына баруға болмайды. Ұмра тәртіптерін бұзу
С: Ұмрадағы тәртіп бұзушылықтар мен олардың жазалары қандай?
Ж: Олар төмендегідей: Ихрам орануды миқаттан өткеннен кейін орындаса мал союы уәжіп. Егер ұмра тауабын дәретсіз не жүніп күйінде, егер әйел болса етеккірлі не нифас күйінде орындаса бір мал союы тиіс. Қанның аз не көп болуы, сондай-ақ, адамның дәретсіз не жүніп болуы арасында айырмашылық жоқ, осы күйлерінде бір айналым айналса мал союы керек. Шашын Сафа мен Маруа арасындағы жүгірістен бұрын қысқартса не алса мал шалуы тиіс. Ұмра жасаушы шашын харамнан тыс жерде алса не қысқартса мал шалуы керек болады.