Баспен доп ұрғанда ми шайқала ма?
Футбол жарыстарында спортшылардың допты баспен сүзіп қақпаға кіргізетін қызықты көріністері көзге шалынып жатады. Адамдар тебуі қатты, қақыны тез допты баспен сүзгенде ми шайқалмай ма деп шұбаланбай тұра алмайды. Біз мұндай қорқынышты зардаптың туылуы мүмкіндігінің аз болатындығын айтуымыз қажет. Өйткені үлкен мидың сыртында қатты бас сүйек болады. Бас сүйек, төбе сүйек, маңдай сүйек, самай сүйек және қарақұстардан құралып оған бас түп сүйегі қосылғанда ғана бас құралады. Баспен доп сүзгенде әдетте маңдай сүйекке тиеді. Ал маңдай сүйек бастың барлық сүйектері ішіндегі ең қаттысы, ең қалыңы болып, өте қатты соқыны да көтере алады. Жарыста қолданылатын футбол добы әдетте мәнерленген тері қиқымдарынан құралып тігілгендіктен және жел толтырылған соң да өзіндік бәсеңдету рөлі болады. Мұнан басқа спортшылар мақсатты түрде допты сүзетіндіктен бүкіл денесінің ет сүйектері түгелдей жоғары дайындық күйде тұрады. Әсіресе бас пен мойын еттері белгілі ширақтық және сәйкестілік сақтап белгілі дәрежеде соққыны бәсеңдету ролін атқара алады.
Осыдан-ақ адам басының құрылысы және физиологисы жағынан қарағанда екпіні зор, қарқыны тез доп алыстан ағындап келгенде адам биікке өрлей секіріп ырықты түрде төбесімен допты сүзсе де ми шайқалу пайда болмайтындығын білуге болады.
Алайда бір адам қаннен-қаперсіз тұрғанда алыстан зымырап келген доп басқа тигенде дене бұлшық еттері соққыны бәсеңдету сәйкесімен үлгере алмайтындықтан ми шайқалуы, тіпті ми тканьдері зақымдалып ойламаған зардаптар туылуы да мүмкін екендігін атап көрсеткеніміз жөн.
Аударған: Ғалымбек Жапек