Адам әурет жерін ұстаса, дәреті бұзыла ма?
Жауап:
Ханафи мәзхабы бойынша, жыныс мүшесіне қолы тиген адамның дәреті бұзылмайды. Хазіреті Әли де: «Оны ұстадың не, мұрныңды ұстадың не – бәрі бір», – деуі арқылы жыныс мүшесін ұстағанның дәреті бұзылмайтынын меңзеген[1].
[1] Бадаиғ – 1/248 бет. Бейрут – Ливан.
Абдусамат Қасым


26 Қазан 2025
4 Джумада-авваль 1447

