Сұрақ: Түйе етін жеген соң тахарат алу керек деген хадис естідім. Ол рас па?
Жауап:
Мағынасы мынадай хадис бар:
Жәбир бин Самұра (оған Алла разы болсын) риуаят еткедей, бір кісі Алла Елшісінен (оғанАлланың игілігі мен сәлемі болсын), қой етін жеген соң тахарат алу керек пе екенін сұрады. Ол (оғанАлланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қаласаң – тахарат ал, қаламасаң – алма», - деді. Ол кісі қайтадан сұрады: «Түйе етін жеген соң тахарат алуым керек пе?». Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлеміболсын): «Иә, түйе етін жеген соң тахарат ал», - деді.
Сахих Муслимдегі бұл хадис үлкен факиһтердің көбісімен, атап өтсек: ӘбуХанифа, имам Мәлік және имам Шәфиғи (оларға Алланың рақымы болсын) жойылған (мансух) болып саналады (Фатхүл Мүлхим)
Хадис рас бола тұра, күшін жоғалтуы сирек емес. Құранның жойылған аяттары бар екені де мәлім.
Әр сахих хадисті іс-тәжірибесінде қолдануға болмайтындығын білу қажет, яғни хадис сенімді, бірақ жойылған болуы мүмкін, сондықтан оны ұстануға болмайды.
Бұл біздің заманымызда тараған надандықтың белгісі, өйткені кейбір адамдардың ойынша хадистің сенімді не сенімсіздігі оны ұстанудың жалғыз талабы болып табылады. Бұл фиқһтің негізгі қағидаларын (усуль әл-фиқһ) түсінбеушілігін көрсететін үлкен қателік.
Ал Алла жақсы біледі.
azan.kz