Жалпы құлақты саусақпен бітеп азан айтуымыз – хадиске амал еткендігіміз болып саналады. Бұған төмендегі хадис дәлел...
عن عون بن أبي جحيفة عن أبيه قال: "أتيت رسول الله (صلى الله عليه و سلم) بالأبطح و هو في قبة حمراء فخرج بلال فأذن فاستدار في اذانه و جعل إصبعيه في أذنيه". رواه ابن ماجة
Ибн Мәжәның «сүнәнындағы» хадис бойынша сахаба Әбу Жухайфа (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у) келгенімде ол Әбтах[2] деген жерде, теріден тігілген қызыл шатырда еді. Біләл шығып азан айтты. Азан айтып жатып (жұрттар есту үшін) бұрылды. Сол кезде қолының саусағын құлағына тығып алған еді»[3].