Мұсылмандар арасында Ораза Айт мерекесі алдында әдеттегідей сәресі ішу керек деген ақпарат кең тараған. Бізге осыған байланысты және осы ақпараттың сенімділігі қаншалықты деген секілді көптеген сауалдар түсіп жатады.

Осы сұраққа байланысты жауап берер болсақ, Айт мерекесі күні Рамазан күндеріндегідей сәресі ішудің қажеті жоқ. Тек таң намазына тұрасыздар. Дегенмен, айт намазына келер алдында, тақ санды құрма жеп шығу сүннет болып табылады.
Егер кімде кім сәресі ішкен болса, я болмаса айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тиым салынбаған.
Сонымен қатар, осы күні ғұсыл алып, мерекелік намазға мерекелік киімде келуді және әтір себінуді ұмытпаңыздар. Туыстарыңызды зиярат етіп, сыйлықтар жасап, айналаңызға қуаныш сыйлаңыздар.
Ораза айт мерекесі бір күн. Осыдан соң Рамазан айындағы қаза болған күндеріңізді өтеп, Шәууәл айындағы ерікті болып табылатын алты күндік оразаны ұстауларыңызға болады. Алты күндік оразаны қатарынан ұстау міндетті емес. Бұл алты күнді ай арасында ұстауға да болады.
Алла Тағала Рамазандағы ұстаған оразамызды қабыл етіп, жіберген қателіктеріміз бен күнәларымызды кешірсін. Әмин.