Затын жоғалтып алған адам затын тауып алу үшін оқитын дұға бар ма?
Зат жоғалтқан адам оқитын дұға жайлы Ибн Омардан (р.а.) мынадай дерек бар: «Кімде-кім бір зат жоғалтса, дәрет алып екі рәкағат намаз оқысын да: «Бисмиллаһ иа Һадиа әд-доләли уә родди әд-доллә урдуд ъалаиа доллати би ъиззатикә уә султоникә фә иннәһә мин ъатоикә уә фадликә».
Мағынасы: «Алла тағаланың атымен, уа адасқанды тура жолға салушы! Уа, жоғалғанды қайтарушы, Сенің ұлылығың және құдыретіңді арқау етіп сұраймын, менің затымды кері қайтар. Расында, бұл Сенің бергенің және кеңшілігің[1]»,-деп айту керек.
Хадистанушы Хаким бұл хадисті риуаят етушілер сенімді, ешбірі сынға ұшырамаған деп баға берген.