Жүкті әйелдердің көпшілігі түнде түстерді жиі көретіндіктерін айтып жатады. Сондай-ақ, жиі үрейлі түстер де көреді екен. Мұның өзіндік себептері бар: біріншіден, күндіз сіздің ойларыңыз тек жүктілігіңіз жөнінде ғана болады да бірден сіздің «соқыр» сезіміңізге кіреді. Екіншіден, жүктілікке байланысты жайсыздықтар түнде сіздің ұйқыңызды бөледі, сіз жиі оянатын боласыз әрі түсіңіздің соңын есіңізге түсіру өте қиын және іс жүзінде іске аспайтын болады.
Жүкті әйелдердің көпшілігі түнде түстерді жиі көретіндіктерін айтып жатады. Сондай-ақ, жиі үрейлі түстер де көреді екен. Мұның өзіндік себептері бар: біріншіден, күндіз сіздің ойларыңыз тек жүктілігіңіз жөнінде ғана болады да бірден сіздің «соқыр» сезіміңізге кіреді. Екіншіден, жүктілікке байланысты жайсыздықтар түнде сіздің ұйқыңызды бөледі, сіз жиі оянатын боласыз әрі түсіңіздің соңын есіңізге түсіру өте қиын және іс жүзінде іске аспайтын болады.
Гормондардың көп мөлшерде бөлінуі сіздің эмоцияңызға әсер етуде үлкен рөл атқарады. Олар сіз ұйықтап жатқан кезіңізде ықпал етуі мүмкін, түстердің мүлде басқа болатындығын осы жайт түсіндіреді. Ұйқы өзгереді, жүктіліктің үшінші триместрінің соңына таман түстердің көп бөлігі жылдам ұйқыға келеді: ұйқы кезінде сіздің денеңіз демалады, бірақ миыңыз демалмайды. Сізге жүктілік кезінде тіпті эротикалық түстер де кіреді, өйткені көптеген әйелдер өз күйеулеріне тартымды болудан қалдық деп қорқады.
Гормондық қайта құрылу аясында болашақ аналардың көп шешілмеген қиындықтары мен шаруалары бар, бұлар жөнінде олар іс жүзінде еш нәрсе білмейді. Көптеген қобалжулар мен қорқыныштар осыдан шығады. Кез-келген болашақ ана өз денесінің өзгерісі туралы, алдыда тұрған босану жайында және өз баласын жақсы тәрбиелей аламын ба деген толғаныста жүреді. Бұл табиғи нәрсе. Сондықтан да жүкті әйелдерге жиі үрейлі, тіпті қорқынышты түстер де кіруі мүмкін.
Алла Елшісі (ﷺ): «Жақсы түс – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Егер сіздерден кімде-кім өзіне ұнамайтын нәрсе көрсе, сол жағына қарап үш рет түкірсін әрі үш рет көргенінен және шайтаннан пана іздеп Аллаға сиынсын. Сосын ол екінші бүйіріне жатсын, сонда бұл оған зиянын тигізе алмайды. Және ол туралы ешкімге айтпасын», - деген. (әл-Бұхари).
Сондықтан, егер сізге қорқынышты түс кірсе, бәрін Сүннет бойынша, Пайғамбарымыз (ﷺ) үйреткендей жасаңыз және бұл түсті тезірек ұмытуға тырысыңыз. Мұндай түстерде ешбір ақпарат болмайды.
Сонымен, жүктілік кезіндегі үрейлі түстер – бұл кеңінен таралған әрі біркелкі табиғи құбылыс. Сондықтан көбірек ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз, аз қобалжыңыз, сондай-ақ, көптеген күйзелісті жағдайлардан қашуға тырысыңыз. Сіздің қобалжуыңыз, ойлап әрі істегіңіз келіп жүрген нәрселердің бәрі де сіздің түсіңізге кіретін болады.
Ұйықтауға жатарда Пайғамбарымыздың (ﷺ) Сүннетіне сәйкес дәрет алып жатыңыз, төсек-орныңызды «бисмиллә» деп айтып қағып-сілкіп, дұғаларды айтып жатыңыз. «Ықлас», «Фәләқ», «Нас» сүрелерін оқыңыз, оң жақ бүйіріңізге жатып, басыңыздан өткерген қиындықтар туралы тіпті де ойламаңыз, көбірек Аллаға сиынып жүріңіз.
Ал Алла Тағала жақсы біледі.
asyldin.kz