Мен бір жайсыз оқиғаға тап болдым. Жақында өте жаман әрекет жасап қойған едім, енді маған кеңес берулеріңізді сұраймын. Жақсы қарым-қатынаста жүрген жақын туыстарым бұл жөнінде біліп қоя ма деп те қорқамын. Сондықтан менен жақын біреулерім «Сен мұны ешқашан жасамадың ба?» - деп сұрағанда, мен оларға: «Жоқ, Алламен ант етемін, мен мұндай нәрсені ешқашан жасамадым», - деп жауап бердім. Ал негізінде, мен Алланың атымен жалған серт берген едім. Енді не істесем болады?
Сұрақ: Мен бір жайсыз оқиғаға тап болдым. Жақында өте жаман әрекет жасап қойған едім, енді маған кеңес берулеріңізді сұраймын. Жақсы қарым-қатынаста жүрген жақын туыстарым бұл жөнінде біліп қоя ма деп те қорқамын. Сондықтан менен жақын біреулерім «Сен мұны ешқашан жасамадың ба?» - деп сұрағанда, мен оларға: «Жоқ, Алламен ант етемін, мен мұндай нәрсені ешқашан жасамадым», - деп жауап бердім. Ал негізінде, мен Алланың атымен жалған серт берген едім. Енді не істесем болады?
Жауап:Өзіңіздің өтірігіңізді растау үшін Алланың атын қолданғаныңыз, шүбәсіз, өте жаман болған екен. Бұл үлкен күнәлардың бірі, енді сіз шынайы түрде тәубеге келуіңіз керек. Алайда жалған серт берілгені үшін ақшалай немесе ораза ұстау арқылы кәффарат талап етілмейді, өйткені бұл кәффаратты талап етпейтін жалған серт түрі болып табылады.
Шарт жасау кезінде берілген жалған серт кәффаратты талап етеді, мысалы үшін, адам келешекте әлдебір нәрсені жасаймын немесе жасамаймын деп Алланың атымен серт береді. Егер ол сертін бұзса, пітір-садақа сомасына сай келетін қаржы көлемінде он жарлыны тамақтандыру немесе баламалы сома түрінде садақа беру арқылы кәффарат жасауы тиіс, ал егер мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда үш күн бойы ораза ұстауы қажет.
Ханафи мәзхабына сай егер адам, сіз сияқты, өткенінде жасаған не жасамаған әрекеті үшін Алланың атымен жалған серт беретін болса, кәффарат талап етілмейді. Жалған серттің өтемі – шынайы түрде өкініп, тәубеге келу әрі келешекте мұны жасамауға сөз беру (ән-Нутаф фил-Фатауа, 381 б.). Алайда бұл жағдайда Алланың мейіріміне бөлену үшін садақа беру абзал (міндетті емес) болып табылады.
Ал Алла жақсы біледі.
asyldin.kz