Сұрақ: Көп сұрақ қоюды жақсы көру адамды бәлеге ұшыратады деген рас па?
Жауап: «Әй, мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар» (5:101).
Алла Елшісіне (ﷺ) көптеген сұрақтар қойылатын. Сол қойылған сұрақтардың кейбіреулері Алла Елшісін (ﷺ) қисынсыз жағдайға қалдыратын, өйткені сауалдар әдеп қағидаларына сәйкес келмейтін. Әсіресе, бай адамдар ерекше тілектерін білдіре, сыбырлап айтуды жақсы көретін. Мұндай қылық та Алла Елшісін (ﷺ) ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, бірақ ол әдеп сақтап, сол адамдарды тыңдайтын еді.
Осыған байланысты келесі аят түскен: «Әй, иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа беріңдер» (58:12). Әрі сүннет ретінде Алла Елшісімен (ﷺ) кездесердің алдында садақа беру тағайындалған.
Сондай-ақ, Алла Елшісіне (ﷺ) дінді білу ниетінде сұрақ қоюға барлық қоғам тобынан адамдар келетін. Осы адамдардың кейбіреулері кейде өздерін ұнамсыз түрде ұстайтын. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) адамдарға ақиқатты жеткізу үшін, мұндай лайықсыз қылықтарға шыдап бағатын.
Мына аят түсірілгенде: «Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық қылу) керек » (3:97), бір адам былай сұраған екен: «Уа, Алла Елшісі! Бізге жыл сайын қажылық өтеу керек пе?». Алайда Алла Елшісі (ﷺ) үндемепті, бірақ осы адам сұрағын бірнеше рет қайталаған соң ғана былай деген екен: «Өмірде бір рет қажылық қылу парыз болып табылады». Осы оқиғаға байланысты келесі аят түскен: «Әй, мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар» (5/101).
Содан кейін Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер мен «Иә», - деп жауап берсем, онда сендер үшін жыл сайын қажылық қылу міндет болар еді де сендер оны орындай алмас едіңдер». Ал осыдан кейін қажет емес сұрақтардың қауіптілігін көрсете отырып, ол былай деген екен: «Мен сендерге өзім айтпағанша, менен ештеме сұрамаңдар. Өйткені көп сұрақ қою және өз пайғамбарларымен дауласу сендерге дейінгілерді құртқан. Сондықтан мен ескерткен нәрседен аулақ болыңдар. Және мен бұйырғанды орындауға тырысыңдар».
Алла Елшісіне (ﷺ) келген адамдардың кейбіреулері, мысалы үшін, мынадай келеңсіз сұрақтарды қоятын болған: «Еркек пен әйел жақындасқанда, өмірге қыз немесе ұлдың келуі неге байланысты болады?». Мұндай сұрақтарды Пайғамбарға (ﷺ) қою орынсыз әрі әдепке қайшы болып табылады. Алла Елшісі (ﷺ) дәл осындай сұрақтардан аулақ болуды ескерткен болатын.
asyldin.kz