Сұрақ: Қыз-келіншектердің қоғамда алар орны қандай?
Қыз-келіншектердің қоғамда алар орны Ұхуд шайқасындағы садақшылардың рөліндей. Садақшылар алғы шепте болмаған әрі шайқас ортасында тұрмаған, бірақ, дегенмен, ең маңызды рөлді солар атқарған. Олар әскерді қорғаған. Егер олар ұрыс алаңын тастап, қашып кеткенде, онда күллі әскер қорғанышсыз қалып, жеңіліске ұшыраушы еді. Сол сияқты, егер қыз-келіншектер өз орындарын тастап кетсе, онда күллі үмбет – қауіпте қалар еді.
Қыз-келіншектер:
- үнсіз батырлар
- келешек ұрпақтың негізі
- өз жанұясының қамқоршысы
- күллі үмметтің бірінші ұстазы
- мұсылмандарды батылдыққа, адалдыққа, жақсылыққа, төзімділікке және сабырлыққа бірінші үйретушілер
- осы үмбеттің ер адамдарына қамқоры
- осы үмметтің өсіп-өнуі олардың қолында.
Алла Тағала әйел адамның басты баспанасы – оның үйі деп айтқан, алайда бұл оның қоғамда еш рөлі жоқ дегенді білдірмейді. Ол автокөлік капотының астына жасырылған мотор тәрізді. Автокөліктің моторсыз еш мағынасы болмайды. Мотордың көрінбей тұруы - оның маңызды емес екендігін білдірмейді, керісінше, оның жасырылып тұруы, оның үлкен құндылығын көрсетеді.
Қыз-келіншектер тереңге жасырылған кернеулі сым сияқты. Егер оны ашса, адамды тоқ соғады. Ол көзден жасырылған, бірақ онымен электр тоғы жүреді.
Әйел адам ұялы телефонның батареясы іспетті. Егер батареясы болмаса, онда ұялы телефонның бір қызметі де іске қосылмайды. Біз оны көрмейміз, бірақ дәл соның өзі телефонның жұмысын қамтамасыз етеді.
Алла Тағаланың әмірін орындай отырып, қыз-келіншектердің көзден жасырын болуы, олардың құндылықтарының қандай зор екендігін көрсетеді.
asyldin.kz