Сұрақ: Қандай адамдар нашар және қандай амалдар ең жиіркенішті деп саналады?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең жиіркенішті деп айтқан амалдар
Жауап: Бұл дүниеде бәрі біркелкі, тек ақиқатты Бір Алла Тағала ғана білді. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде «Ең жақсы амал не?» деген сұраққа кейде «Аллаға және Оның Пайғамбарына деген сенім» деп жауап берсе, ал кейде «Уақытында оқылған намаз» деп жауап берген, яғни, сұраушының жағдайына қатысты ең жақсы деген амалдарды айтып отырған.
Жаман, жиіркенішті амалдарға келер болсақ, ең ауыр күнәлардың ішінде «Аллаға серік қосу, сиқыр, адам өлтіру, өсімқорлық, жетімдердің мүлігін ысырап ету, әскери қызметтен қашу, тақуа әйелді жазықсыз кінәлау» бар, ал басқа риуаяттарда бұл күнәлардың қатарына «ата-ананы тыңдамау, өз міндетін орындамау және өтірік» те жатқызылған.
Айналып келгенде, бәрі де адамның қандай үлкен күнәға бейім екеніне әрі оның неден қауіптенуі керектігіне байланысты. Әлбетте, Аллаға серік қосу үлкен күнәлардың бірі болып табылады, егер адам осы күнәсі үшін тәубесіне келмей өлсе, оны Алла кешірмейді. Алайда адам сиқыр жасауға үйір болса, онда ол үшін бұл ауыр күнә және адам бұл күнәдан қауіптеніп, бойын аулақ салуы қажет.
asyldin.kz