Сұрақ: Қазіргі уақытта мен Алланың 99 есімін жаттап-білумен айналысудамын, бұдан маған қандай пайда бар екенін түсіндіріп бере аласыздар ма? Бұл мен үшін маңызды, жауап берулеріңізіді өтінемін. (Шерхан)

Жауап: Алла Тағаланың 14 сипатынан бөлек көптеген көркем Есімдері бар екені белгілі. Жаратушымыздың болмысын сипаттайтын сын есімдер мен зат есімдер Алланың Есімдері деп аталады. Алла Тағала иман келтіргендерге дұға жасауда Оның көркем Есімдерін айтуды бұйырған, өйткені Алланы мақтауды Алла Тағаланың Өзінен артық ешкім жасай алмайды. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (7:180).
Имам әл-Бұхари: «Кімде-кім Алланың 99 Есімін жаттап алса, Жұмақа кіреді», - деп айтылған бір хадисті келтірген.
Ақиқатында, бұл ұлы іс! Алланың Көркем Есімдерін жаттаңдар, өйткені Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірілген:
«Асылында, Алланың жүзге біреу жетпейтін тоқсан тоғыз есімі бар, сол есімдерді атап беретіндер Жұмаққа кіреді» (әл-Бұхари 2736, Мүслим 2677).
Алла жақсы біледі.