Сұрақ: Намаздың қабыл болуына жіберілген қателіктер қаншалықты әсер етеді?
Жауап: Егер дұрыс айтылмаған сөз оқылғанның мағынасын өзгертсе не болмаса оны мән-мағынасыз етсе, онда бұл жағдайда намаз жарамсыз болады. Немесе адам бір сөзді мүлде Құранда жоқ сөзбен ауыстырып оқыса, кейбір ғалымдардың пікірінше, намазды бұзуы мүмкін. Бұл жерде мынау дұрыс, мынау бұрыс деп айту үшін, қандай қателік жіберілгенін түсіну қажет.
Ғалым, дін мамандарымен шығарылған екі жайт бар. Әбу Юсуф пен Мұхаммед имамдардың пікірінше, бұлар біршама өзгешелеу. Сонымен, бірінші жайт — егер сіз сөзді қате оқып қойған жағдайда, бұл сөздің Қасиетті Құранда бар-жоғын анықтау керек. Кейбір ғалымдардың пікірінше, егер мұндай сөз Құранда болса, онда ол рұқсат етілген болып саналады.
Екінші жайт – оқу барысында қате жіберіліп қойып, сөздің мағынасы өзгеріп кетсе. Мысалы, «халяка самауати» сөзінің орнына адам «хэлякя самауати» деп айтса. Өйткені «халяка» сөзі «жаратты» деп аударылса, ал «хэлякя» – «құртты» деп аударылады. Көріп отырғанымыздай, мағына мүлде өзгеріп кетті. Немесе «улаика хумуль залимун» сөзінің орнына адам «улаика хумуль алимун» деп айтса, яғни «олар жәбірлеуші болып табылады» деген сөйлемнің орнына ол «олар ғалымдар болып табылады» десе. Көрдіңіздер ме? Сөйлемнің мағынасы толықтай өзгеріп кетті.
Бірақ адам қателескенде мағынаның өзгермеуі де мүмкін. Мысалы үшін, сөзді біраз басқашалау айтса. «Залимун» деп айтудың орнына «зэлимун» деп айтты делік. Сондықтан оқылған намаз дұрыс әлде бұрыс деп айту үшін, оқу барысындағы қателіктің қандай деңгейде болғанын түсіну қажет.