Дәрет алған соң мен бетіме макияж жасаймын, осы түрімде намаз оқуға бола ма?
Жауап:
Дәрет алған соң бетке крем жағу немесе макияж жасау дәретті бұзбайды. Осы тұрғыдан беттегі макияжбен намаз оқуға болады.
Егер макияж құрамында судың теріге тиюіне кедергі келтіретін заттар болса, онда келесі жолы дәрет алғанда макияжды сүртіп тастау қажет.
Сонымен қатар, бұл мәселеде келесі екі нәрсеге көңіл аудару керек:
1. Макияж құрамында таза емес немесе зиянды деп саналатын нәрселер болмауы тиіс әрі олар су өткізуі керек.
Егер макияждың құрамында таза емес немесе бетте су өткізбейтін қабат құрайтын болса, онда мұндай макияжбен намаз оқуға болмайды. Және намаз оқыр алдында бұл макияж жуылып тасталуы қажет.
2. Егере қыз-келіншектер беттеріне макияж жасайтын болса, оны күйеуі және өзге д махрамдардан (әкесі, ұлдары) басқа ешкім көрмеуі керек. Өйткені мұндай түрмен көшеге шығып, бөгде еркектердің алдында жүру - адамды күнәлі істерге итермелеуі мүмкін.